Бас жаңалықтар
Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 19 миллионнан асты
08 Тамыз 2020, 15:20 138

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 19 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 тамызда таңғы статистика бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19,2 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің жобасында жазылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Университет мәліметінше, әлемде COVID-19 вирусын 19 266 406 адам жұқтырған, 718 530 науқас инфекциядан көз жұмса, тағы 11 671 253 адам жазылып шыққан. 

Вирус ең көп тараған елдердің тізімі мынадай:

АҚШ - 4,928,802 жұқтырды, 161,052 қайтыс болды,

Бразилия - 2 962 442 жұқтырды, 99 572 қайтыс болды,

Үндістан - 2 027 074 жұқтырды, 41 585 қайтыс болды,

Ресей - 875 378 жұқтырды, 14 698 қайтыс болды,

ОАР - 545 476 жұқтырды, 9909 қайтыс болды,

Мексика - 462,690 жұқтырды, 50,517 қайтыс болды,

Перу - 455 409 жұқтырды, 20 424 қайтыс болды,

Чили - 368 825 жұқтырды, 9958 қайтыс болды,

Колумбия - 357 710 жұқтырды, 11 939 қайтыс болды,

Иран - 322 567 жұқтырды, 18 132 қайтыс болды.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) коронавирус бойынша статистикасы өзгерек. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 18 902 735-ке жетті, 709 511 адам қайтыс болды. Бір күнде әлемде 278 291 жаңа жағдай тіркелген.

Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус жұқтырған 96 922 адам тіркелді. 70 680 адам сауығып, 1159 науқас қайтыс болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...