Әлем елдері Ливанға көмек жібереді

10 Тамыз 2020, 08:53
1546
Бөлісу:
Әлем елдері Ливанға көмек жібереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Франция президенті Эммануэль Макрон Ливанға көмектесу жұмыстарын үйлестіру бойынша "донор елдер" жиынын өткізді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол онлайн форматта өтті.

Жиын барысында Макрон жойқын жарылыстан зардап шеккен Ливан халқына қол ұшын созу керегін алға тартты. Франция басшысының айтуынша, бұл іс Ливан мен оның халқын қолдаудағы бірліктің бірегей үлгісі болуы тиіс.

Айта кетейік, тамыздың төртінде Бейрутте жойқын жарылыс болып, 158 адам қаза тапты. 5 мыңнан астам азамат зардап шекті. 

Жиынға 15 ел қатысып отыр. Түркия және Ресей елдерімен байланыстық. Түрік елі конференцияға қатыса алмағанымен, Ливанға қол ұшын созбақ. Ресейдің де көмектесетініне сенімдімін. Бұдан бөлек, Израиль де көмек көрсетуге ниет білдіріп отыр, - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.

Бұған дейін Қазақстанның әскери дәрігерлері көмек көрсету үшін Ливанға кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы