Әлем чемпионаты: Қазақ балуаны екі дүркін Олимпиада чемпионымен белдеседі

16 Қыркүйек 2019, 13:47
1975
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Қазақ балуаны екі дүркін Олимпиада чемпионымен белдеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатын қазақстандық балуандар жеңіспен бастады.

2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов 1/16 финалда Бразилия балуаны Marat Garipov-ты 9:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ, 130 келідегі Maнсұр Шадукаев фин Konsta Johannes Maeenpaeae-ның осал тұсын тапты (8:5). Ал 77 келідегі Асхат Ділмұхамедов чехиялық Oldrich Varga-ға еш мүмкіндік қалдырған жоқ (9:0). Енді, Асхат екі дүркін Олимпиада чемпионы Роман Власовпен белдеседі.

Айта кетейік, Қазақстан астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатына 60-тан астам Олимпиада чемпиондары келді.

Чемпионатта 1002 балуан бақ сынап жатыр. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Әлем біріншілігі туралы ақпарат таратуға 250-ден астам журналист тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы