Әлем бойынша үйі-күйі жоқ 100 миллиондай адам бар – БҰҰ

21 Ақпан 2020, 21:02
1583
Бөлісу:
Әлем бойынша үйі-күйі жоқ 100 миллиондай адам бар – БҰҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ қолжетімді үйлер және баспанасыздық мәселесін шешуге арналған әлеуметтік қорғау жүйелері қарарын қабылдады, деп жазды "Хабар 24".


Бұл құжат әлемдегі барлық мемлекеттерді тұрғындарын қолжетімді үйлермен қамтамасыз етіп, әлеуметтік көмек көрсетуге шақырып отыр. Ұйымның мәліметінше, әлем бойынша үйі-күйі жоқ 100 миллиондай адам бар. Олардың көбісі ашық дала мен вокзалдарда қонуға мәжбүр.

Мамандардың пайымдауынша, адамдар экономикалық дағдарыс, психологиялық мәселелері, жұмыссыздық, нашар денсаулығы және әлеуметтік кемсіту салдарынан баспанасыздар қатарын толықтырады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөнінде Халықаралық пактінде әр адамның тұрғын үйге құқығы танылып отыр.


Өзгелердің жаңалығы