Бас жаңалықтар
Әлем бойынша науқастардың саны 1,4 миллионнан асты
09 Сәуiр 2020, 05:32 185

Әлем бойынша науқастардың саны 1,4 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем бойынша науқастардың саны 1,4 миллионнан асты. Бұл тұралы Қытайдың CGTN телеарнасы хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Африка құрлығында вирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асып, 500-дей кісі қаза болған. Бастапқыда жұқтыру фактілері бұл құрлықта көп тіркелмегенімен, соңғы уақытта науқастардың саны күн санап өсіп жатыр. 

Қазір ДДҰ африкалық елдермен індеттің таралуын болдырмас үшін бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Нақтырақ айтқанда, оларға вирусты анықтайтын тест, оқшаулану режимі, инфекцияның кең етек жаюын болдырмауға қатысты нұсқаулықтар беріліп жатыр. 

CGTN дерегіне сүйенсек, 8 сәуірде Эфиопия мемлекеті осы жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін жариялады. Ел премьер-министрі Twitter-дегі парақшасында осындай мәлімдеме жасады.

Осы күнге дейін Эфиопияда 52 кісі ауруға шалдықса, оның 2-еуі қаза тапқан. 

Ескере кететін жайт, 11 наурызда ДДҰ жаңа коронавирус індетін пандемия деп жариялаған болатын. Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегі бойынша, әлемде 1,4 миллионнан астам адам вирусты жұқтырған. Ал оның шамамен 81 мыңы көз жұмған. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...