Әлем бойынша ең көп жалақы төлейтін қалалар белгілі болды

21 Мамыр 2019, 13:55
2951
Бөлісу:
Әлем бойынша ең көп жалақы төлейтін қалалар белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Сарапшылар әлемдегі жалақысы ең жоғары қалаларды атады. Бұл жайында Deutsche Bank зерттеулеріне сілтеме жасай отырып Bloomberg хабарлады.

Аталған рейтингте Сан-Франциско қаласы көш бастап тұр. Бұл қала бірінші рет осы тізімде алға шығып отыр. Сан-Францискодағы орташа жалақы салықты қоса есептегенде айына 6,52 мың долларды құрайды.

Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.

Үшінші орында Нью-Йорк қаласы тұр. Ондағы орташа айлық жалақы 4,6 мың долларды құраған. Ал Бостан қаласы төртінші орында (4,28 мың) болса, Чикаго тізім бойынша бесінші тұр (4,06 мың доллар).

Өзгелердің жаңалығы