Лекция оқитын ол басқа аудитория. Нығматулин Үкіметтен сұраққа нақты жауап беруді сұрады

20 Қазан 2021, 11:07
2410
Бөлісу:
Лекция оқитын ол басқа аудитория. Нығматулин Үкіметтен сұраққа нақты жауап беруді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралды.

Заңды талқылау кезінде депутат Жәмила Нұрманбетова Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал қойды.

Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы осы жылдың қараша айының үшінші онкүндігінен бастап қайтадан вакцина жасау туралы шешім қабылдады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында вакцинация жасауға жататын контингентті 9,9 млн-нан 11,4 млн адамға дейін көбейту шешілді. Бұл ұжымдық иммунитетке 60% деңгейінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында ревакцинация жасау үшін вакцина сатып алуға бюджет қаражаты қарастырылмаған. Айтыңызшы, вакцина қандай қаражат есебінен сатып алынады? – деді Жәмила Нұрманбетова.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ревакцинацияға қатысты қойылған сұраққа былай деп жауап берді.

Айтылған мәселелер өте орынды. ВАК-та бұл сұрақ арнайы қарастырылды. 21-22 жылдарға қабылданған нақты шешімдер туралы айтып өтуге рұқсат етіңіздер. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының тікелей нұсқауы, ұсыныстары бойынша, сондай-ақ 20-дан аса мемлекеттің тәжірибесін ескере отырып, елімізде ревакцинацияны бастауға шешім қабылдадық. Оның ішінде ревакцинация мен инактивтік вакцина 6 айдан кейін, ал векторлық вакцина алғандармен 9 айдан кейін басталады. Оның ішінде ең алдымен алғы шепте жүретін дәрігерлер, ұстаздар, 60 жастан асқан азаматтар осы вакцинамен толықтай қамтамасыз етіледі. Жалпы 800 мың адамды қамту жоспарланып отыр, оның ішінде 100 мың адам жыл соңына дейін қамтылады. Келесі деңгейлері кезең-кезеңімен өткізіледі. 23-24 жылдары ең алдымен эпиджағдайға және халықаралық тәжірибелерге байланысты нақты шешім қабылданады, - деп айтты Ералы Тоғжанов.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Премьер-министрдің орынбасарына түсінікті, тікелей сұрақ қойылған айтып, қайтадан ревакцинацияға вакцинаны қандай қаражатқа сатып алынатынын қайта сұрады.
Ералы Лұқпанұлы, басқа сұрақ болды ғой. Комиссияның қалай жұмыс істеп жатқанын естіп отырмыз. Түсінікті, тікелей сұрақ болды. Ревакцинация жасау үшін вакцина сатып алу 2022-2024 жылдардағы бюджетте қарастырылмаған. Қай қаражаттың есебінен сатып аласыз? Кімнің резервінен алынады? Премьер-министрдің резервінен бе? – деді Нығматулин.

Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қаражат Үкімет резервінен алынатынын айтты.

Комиссия қалай жұмыс істеді, қанша вакцинация – оның бәрін білеміз. Құрметті Үкімет мүшелері, сұрақтарға нақты жауап беріңіздер! Лекция оқитын ол басқа аудитория, - деп айтты Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Өзгелердің жаңалығы