"Кайрат" клубынан үш легионер кетті

31 Желтоқсан 2018, 13:54
2786
Бөлісу:
"Кайрат" клубынан үш легионер кетті
Фото: "Қайрат" ФК

Астана, BAQ.KZ. Алматылық "Қайрат" футбол клубы сапынан легионерлер хорват Иво Иличевич, венгр Акош Элек және бразилиялық Хуан Фелипе кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді. 

"31 жетлоқсанда "Қ айрат" футбол клубы мен үш ойыншы арасындағы еңбек шарты аяқталды. Олар - Иво Иличевич, Акош Элек и Хуан Фелипе. "Қайрат" футбол клубы әр ойыншыға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білліріп, алдағы карьераларына сәттілік тілейді", - делінгег хабарламада.

Хорват жартылай қорғаушысы Иво Иличивич  "Қайрат" құрамына 2017 жылдың қаңтарында қосылды. Ол 41 матч өткізіп, 15 гол соқты және сегіз нәтижелі доп шығарды. Венгр Акош Элек болса 2017 жылдың наурыз айынан бастап "Қайрат" сапында ойнайды. Ол өткізген 63 матчта үш нәтижелі доп шығарған. Бразил ойыншысы Хуан Фелипе биыл наурыз айында алматылық клуб сапына қосылды. "Қайрат" сапында 30 матч өткізген ол үш нәтижелі доп шығарды.
 

Өзгелердің жаңалығы