Құбырдан Алакөлге төгілген лас судан не анықталды?

5 Тамыз 2019, 18:45
1846
Бөлісу:
Құбырдан Алакөлге төгілген лас судан не анықталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 тамызда «Көктем гранд» қонақүйіндегі бассейн құбырынан Алакөлге лай суды төгу дерегі тіркелді. 

Аталған фактіні анықтау мақсатында «Қазгидрометтің» Алматы облысындағы филиал қызметкерлері Алакөлге дереу жол тартып, көлдің бес жерінен су сынамасын алды.

- №1 жер – су ағатын каналдан (құбырдан) 5 метр қашықтықтан;

- №2 жер – құбырдың жанындағы жағажайда, демалыс орнынан;

- №3 жер – су ағатын каналға қарама-қарсы 20 метр қашықтықтан;

- №4 жер – су ағатын каналдың оң жағынан 500 метр қашықтықтан;

- №5 жер – су ағатын каналдың сол жағынан 500 метр қашықтықтан.

Зертханалық талдау су сапасының 45 физико-химиялық көрсеткіштері бойынша жүргізілді. Олардың қатарында иондар, биогенді, органикалық және ауыр металдарды зерделеу.

Ақпаратты жедел түрде беру үшін Филиал қызметкерлері су сынамасын демалыс күндері алды. 

"3-4 тамызда алынған талдау нәтижелері бойынша су сынамасында хлоридтің (3,8 есе), магнийдің (3,3 есе), минералданудың (3,2 есе) және фторидтің (3,6 есе) жоғары концентрациясы анықталды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Алматы облысы Алакөл көлі жағалауындағы «Көктем Гранд» демалыс орнынан шыққан судың құбыр арқылы көлге құйылып жатқаны туралы бейнежазба Facebook әлеуметтік желісінде таралған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы