«Сұңқар» лагерінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды

17 Тамыз 2019, 16:15
3084
Бөлісу:
«Сұңқар» лагерінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Серік Қалқаманов Төлеби ауданындағы Сұңқар демалыс орнында болған оқиғаға қатысты мән-жайды баяндады.

«Төлеби ауданында балалар лагеріндегі оқиға қатысты жіберілген комиссия бірнеше мән-жайды анықтады. Комиссияның мәліметінше, 14-15 жастағы жасөспірімдер 18 жастағы тәрбиеші суға түсіп жатқан кезде сығалып қараған. Кейіннен бұны байқаған тәрбиеші оларды жазалаған. Қарап тексергенде балалардың денесінен дене жарақаты анықталмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын балалар құқығы жөнінде уәкілетті тұлға Аружан Саинға баяндап бердім», - деп жазды Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында.

Аружан Саин болған оқиға қатысты өз тарапынан түсініктеме беріп өтті. 

«20:30-да Төлеби ауданының кезекші бөліміне Төлеби ауданының Бургулюк ауылында орналасқан «Сұңқар» лагерінде сағат 14:00 шамасында тәрбиеші лагерде демалып жатқан кәмелетке толмаған 2004-2005 жылы туған 4 баланы ұрып жықты деген хабарлама келіп түскен. 15 тамызда балаларды сумен ойнатқаннан кейін жоғарыда аталған төрт бала 2001 жылы туған тәрбиешінің душқа түсіп жатқанын сығалап қараған. Оны байқап қалған тәрбиеші, ашуланып, оларды ұрып соғып, аяғымен тебеді. Сол сәтті лагерде болған балалардың бірі түсіріп, "WhatsApp" арқылы топтарға жіберген», - деп түсіндірді Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы «Сұңқар» лагерінде тәрбиешінің 4 баланы ұрып-соғып жатқан видеосы тарап кеткен. Бұл іске қатысты БҒМ түсініктеме берген болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы