Бас жаңалықтар
Қазақстан-Қытай бағытындағы пойыздар тоқтатылды
29 Қаңтар 2020, 17:34 106

Қазақстан-Қытай бағытындағы пойыздар тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Үкіметі коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты Қытай аумағына туристік сапарларға шектеу қойды. 

Сондай-ақ, Қытайға баратын теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Қытайға қатысты қойылған шектеулер жөнінде Жандарбек Бекшин айтып берді.
Үкімет Қытай Халық Республикасының аумағына туристік сапарларға шектеу қойды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің іссапарларын шектеу туралы қаулы шығарылды. Барлық халықаралық спорттық шаралар, соның ішінде халықаралық теннис турнирі өтпейтін болды. ҚХР аумағына теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылды, - деді Бас санитарлық дәрігер бүгін өткен брифингте. 

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавируске қатысты ұстанымын жариялады. 

Халықаралық ұйым әлем елдеріне Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауға кеңес бермейді. Олар халықаралық қауымдастықты сабырлы болуға, оқиғаға шамадан тыс реакция көрсетпеуге шақырады, - деді Бекшин.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі отандық өндірушілерден азаматтарға қажетті көлемде маска шығаруды өтінді.

Біз бүгін БАҚ арқылы қазақстандық кәсіпкерлерге тікелей байланысқа шыққымыз келеді. Қазақстанда маска шығаратын 5 отандық өндіруші бар. Құрметті отандық маска өндірушілер, біз тек дәрі-дәрмектердің ғана бағасын реттейміз. Ал масканың бағасын реттей алмаймыз. Сондықтанда ел азаматтары үшін қажетті көлемде, маска шығаруларыңызды сұраймыз, - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.


Фото: дереккөз
Загрузка...