Қызымды «ерекше» бала деп ешкім ойламайды – Инклюзивті қолдау орталығын ашқан ана

23 Қазан 2020, 18:52
2648
Бөлісу:
Қызымды «ерекше» бала деп ешкім ойламайды – Инклюзивті қолдау орталығын ашқан ана

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерекше білім беруді қажет ететін ана қызының болашағына алаңдап, орталық ашу идеясын қолға алады. Осы ретте Арайлым Бағытжанқызының тарихы туралы жариялауды жөн көрдік.

Сағыныш Бағытжанова - 9 жаста. Ол мектепке барады, құрдастарымен сөйлеседі, кез келген бала сияқты өзінің хоббиі бар, сурет салып, музыка тыңдағанды, пазлдарды жинағанды ұнатады. Оны мектепте және үйде бақыласа, Сағынышты «ерекше» бала деп ешкім ойламайды, - дейді анасы.

Кішкентай кезінде ата-анасы баланың өзгелер сияқты емес екенін байқады. Яғни сөйлеу проблемалары болғанын, даму жағынан өз құрдастарынан артта қалғанын көрген ата-анасы дәрігерлерге жүгінеді. Тексеруден кейін дәрігерлер оған аутизм диагнозын қойған. 

Қызымды «ерекше» бала деп ешкім ойламайды – Инклюзивті қолдау орталығын ашқан ана

Бірақ қыздың ата-анасының еңсесі түспеді, керісінше аутизм туралы ақпаратты зерттей бастады, материалдар іздеп, арнайы әдебиеттермен танысты. Олар өз балаларына қалай көмектесуге болатынын түсінгілері келді.

Біздің қызымыз балабақшаға барды, содан кейін ол мектепке баруы керек еді, бірақ біз оның білім алуда белгілі бір кедергілерге тап болғанын байқай бастадық. Сыныптастары біздің ерекше қызымызды қалай қабылдайтыны және оған барлығымен тең дәрежеде білім алуға қалай көмектесу керектігі туралы уайымдадық, - дейді Сағыныштың анасы Арайлым Бағытжанқызы.

Кейін Арайлымға «Инклюзия Болашак Атырау» Қоғамдық бірлестігін, кейін дамуында кедергілері бар балалар айналыса алатын инклюзивті қолдау сыныбын құру туралы идея келді. Мұндай сыныптар Қазақстанда бар және оларға баратын балаларға үлкен көмегін тигізуде. Бірақ мәселе мынада, олардың саны аз, ал оқуға ерекше көзқарасты қажет ететін балалар саны артып келеді.

Қызымды «ерекше» бала деп ешкім ойламайды – Инклюзивті қолдау орталығын ашқан ана

Нақты бағытты анықтай отырып, Арайлым Бағытжанқызы осындай сыныптардың мысалдары мен модельдерін егжей-тегжейлі зерттей бастады - онда қандай мамандар жұмыс істеуі керек, оқу кезінде қандай әдістемелік құралдар мен жабдықтар пайдаланылады, мұндай мекемелер қандай стандарттар бойынша жұмыс істейді.

Мен өзім мұғалім мамандығын бітіргенмін, сондықтан маған бұл процесті түсіну оңай болды. Мен мамандандыруға назар аудардым, өйткені қызым сияқты балаларға нақты көмек көрсеткім келді, - дейді ол.

3 жыл бұрын Сағыныш анасы Арайлымның күш-жігерінің арқасында ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге алғаш рет М. Мөңкеұлы атындағы №6 мектепте инклюзивті сынып табалдырығын аттады. Мұнда балалар тьютордың жетекшілігімен сыныпта оқуға және қосымша дамуға мүмкіндік алды. Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін бұл үлкен қуаныш болды.

Қызымды «ерекше» бала деп ешкім ойламайды – Инклюзивті қолдау орталығын ашқан ана

Біраз уақыттан соң Атырау қаласының №3 мектеп-гимназиясы мен №24 орта мектебінде де осындай сыныптар ашылды. Бүгінгі таңда осы мектептердің әрқайсысында 10 «ерекше» бала нормотиптік балалармен қатар арнайы маманның сүйемелдеуімен оқиды. 

Бірақ «ерекше» баланың анасы бұл нәтижемен тоқтап қалмауға шешім қабылдады. Коммерциялық емес ұйымды дамыту, сабақтарды қолдау үшін қаражат іздеу қажет болды. Сол кезде Арайлым Бағытжанова әлеуметтік кәсіпкерлікті зерттей бастады. Ол білім мен тәжірибе жинақтай отырып, түрлі ұйымдарда оқи бастады, ал 2019 жылы «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауы туралы естіп, оған қатысуға шешім қабылдады.

Мен өзіме жаңа мүмкіндіктер ашқым келді. Ешқашан оқудан шаршамаймын және қандай да бір мәселеде өз құзыретімді арттыру мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысамын. Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы білген соң, «неге айналыспасқа?» деген сұрақ пайда болды да қатысуға шешім қабылдадым. Берілген 290 өтінімнің ішінен 25 ұйым грант алды және біздің ұйым солардың қатарында болды, - дейді «Инклюзия Болашак Атырау» ҚБ басшысы.

Оның айтуынша, «Әрекетке» қатысу жаңа мүмкіндіктер мен дамуға түрткі болды. 

Қызымды «ерекше» бала деп ешкім ойламайды – Инклюзивті қолдау орталығын ашқан ана

Мен өз жобамды күшейттім, оның жұмыс механизмдерін жақсарттым, жұмыста қандай олқылықтар бар екенін түсіндім. «Samruk-Kazyna Trust» Қорына біздің бастамамызды қолдағаны үшін өте ризамын, Қазақстанда ерекше балалардың дамуына ерекше назар аударылуы тиіс деп санаймын, - дейді Арайлым.

Нәтижесінде Атырау қаласында психикалық және сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизм, паралич, Даун синдромы бар балалардың кешенді дамуына арналған «Зейін Атырау» бірегей балаларды дамыту орталығы ашылды. Орталықта АВА-терапевт, логопед-дефектолог, ЕДШ сияқты мамандар қызмет көрсетеді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды арт-терапия, музыкалық терапия, ойын терапиясы, ертегі терапиясы арқылы дамыту көзделеді.

Мен орталыққа келген әр ата-ананың қажеттіліктерін жақсы білемін. Сондықтан біздің орталықта бүгінгі таңда ай сайын 30-ға жуық ерекше бала дамып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Басты мақсат - ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, зейінді, ойлауды, сөйлеуді дамыту. Біз үшін риза ата-анадан артық бақыт жоқ» - дейді Арайлым Бағытжанқызы. 

Диагнозы психо-сөйлеу дамуының кешігуі және аутизм диагнозы қойылған Мадиярдың анасы өзінің әсерімен бөлісті.

Басында менің ұлым Мадияр сөйлей алмайтын, көзге тура қарай алмайтын, тек «өз әлеміндеә жүретін. Біз «Зейін Атырау» даму орталығына барғаннан кейін 10 ай өткен соң бала сөйлей бастады. Біз үшін бұл үлкен жетістік. Сонымен қатар, мұнда ерекше балалардың ата-аналарына ерекше көңіл бөлінеді, мамандар балаға үйде көмек көрсетуге көмектесетін ұсыныстармен бөліседі, - дейді ол. 

Сағыныш Бағытжанова қазір 2-сыныпта оқиды, норматиптік балалармен тең дәрежеде және өзінің туған-туыстарын жетістіктерімен қуантады. Яғни, ерекше қажеттіліктері бар бала қоғамға бейімделіп, интеграциялануы мүмкін, ол үшін мамандармен бірге дұрыс бағытта жұмыс жасау керек.

Өзгелердің жаңалығы