Қызылордалықтардың 86%-дан астамы коронавирусқа қарсы вакцина алған
18 Қараша 2021, 14:03 81

Қызылордалықтардың 86%-дан астамы коронавирусқа қарсы вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. 

Оның айтуынша, 4 млн-ға жуық облыс тұрғыны екпе салдырған.

Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын облыс тұрғындарының 86,2%-ы, яғни 452 мың адамның 389 954-і вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы, яғни 328 189 адам екінші компонентін алды. Жыл басынан бері екпе салатын кабинеттердің саны 34-тен 106-ға дейін артты. Үй жағдайында қызмет көрсететін 39 мобильді, 167 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ 15 қарашадан бастап Pfizer вакцинасын егу науқаны басталғанын алға тартты.

Бүгінде 23 400 дозасы өңірге жеткізілді. Талаптарға сәйкес 2 мұздатқыш камера сатып алынды, жақын арада тағы 10 камера мен 20 термоконтейнер жеткізілетін болады. Барлығы 97 мың доза жеткізу көзделіп отыр. Аймақ басқа жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен күресуге дайын, дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі қанша жалақы алатыны туралы айтқан болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...