Қызылордалық алаяқ қымбат көлікті заңсыз иемденген

2 Наурыз 2021, 02:42
2323
Бөлісу:
Қызылордалық алаяқ қымбат көлікті заңсыз иемденген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда тұрғыны қолхат арқылы қымбат бағалы көлік сатып алып, оның ақшасын төлеуден жалтарған, деп хабарлайды Polisia.kz.

27 ақпанда жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, 2015 жылдың желтоқсан айында «Тойота Ланд Крузер» автокөлігін қолхат арқылы сатқанын, бірақ сатып алушының біраз уақыттан кейін аталған көліктің ақшасын төлеуден жалтарғанын айтты. Жәбірленушіге келтірілген залал 1 909 500 теңгені құрайды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. 34 жастағы ер адам істеген әрекеттерін толық мойындады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Өзгелердің жаңалығы