Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

28 Наурыз 2021, 11:05
5090
Бөлісу:
Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында жоғалған үш жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды. 

Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.

Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды. Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.Үшінші кәмелетке толмағанды анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қызылорда қаласы, Аубакиров №102 «А» мекен-жайында орналасқан «отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы» үйінің тәрбиеленушілері 25 наурызда Ділда Нугманова, Любовь Нестерова және  Рано Сабанкулова есімді жасөспірімдер жоғарыда аталған тұрғылықты мекен-жайларынан белгісіз бағытқа шығып қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салған еді.

Өзгелердің жаңалығы