Бас жаңалықтар
Қызылордада жалған ПТР анықтама сатқандар анықталды
06 Наурыз 2021, 00:39 808

Қызылордада жалған ПТР анықтама сатқандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада екі медициналық мекеменің қызметкерлері ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар жалған сертификаттар сатқаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Азаматтарды тиісті тексеруден өткізбей-ақ коронавирустан дін аман екенін дәлелдейтін анықтаманың әр данасын 7 мың теңгеден үлестіріпті. Оны көбіне вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, шетелге саяхаттайтын және Байқоңыр қаласына кіретін азаматтар сатып алып отырған. Жедел іздестіру кезінде ПТР COVID-19 сынамасының жалған сертификаттары жасалған компьютерлік жабдық пен мөр тәркіленген.

Тергеу барысында бұл екі азаматша қаңтар, ақпан айларында 60-тан астам COVID-19 ПЦР-тесттерін сатқандары анықталып отыр. Азаматшадан алынған 37 мөрлер және одан басқа көптеген анықтамалар, анықтамалардың барлығында дәрігерлердің мөрлері бар, бірақ ешқайсысында адамның аты-жөндері жоқ, – дейді ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Сұлтан Пирметов.  

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...