Қызылордалық тұрғын алаяққа алданып, 1 млн теңгесінен айырылып қалды

9 Қазан 2021, 12:31
11983
Бөлісу:
Қызылордалық тұрғын алаяққа алданып, 1 млн теңгесінен айырылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полиция қызметкерлері «ақшаңызды бағдарламаға салып екі еселеп беремін» деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

5 қазан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 35 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. 

Арызданушының сеніміне кіріп, «ақшаңызды бағдарламаға салып екі еселеп беремін» деп қаражатын алып алған. 

Күдікті жәбірленушіден жұмыс ақысы үшін 1 млн теңге қаражатын алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмыстары болмаған, не ақшасын қайтармаған. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары барысында 44 жастағы қала тұрғыны ұсталды, - делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3,4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы