Қызылордада полицейлер есірткіні жарнамалайтын граффитилерді жойды

17 Наурыз 2021, 07:47
1495
Бөлісу:
Қызылордада полицейлер есірткіні жарнамалайтын граффитилерді жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына салынған есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффитилерді жою бойынша іс-шара өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Іс-шараға полицейлермен қатар, еріктілер және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Мұндай шаралардың мақсаты – есірткіге қарсы күрес мәселесіне қоғамның назарын аудару.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Интернетке мониторинг жүргізу барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар “Телеграм” арналарды анықтады. Қазіргі уақытта бұл арналар бұғатталды, сайттар мен жазбаларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы