Қызылордада қылмыстық топтың басшысы ұсталды

30 Қыркүйек 2021, 23:48
4079
Бөлісу:
Қызылордада қылмыстық топтың басшысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 2 мың 479 түп қарасора өсімдігін өсіріп, баптаған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазды aikyn.kz.

1 маусым мен 30 қазан аралығында ел аумағындағы өтіп жатқан «Қарасора – 2021» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Арал ауданындағы Жеңішкеқұм ауылынан 100 шақырым жердегі есірткі алқабын анықтаған.  Сақшылар ҚР Ұлттық Ұланының 5547 әскери бөлімінің жасағымен бірлесіп,  МИ-8 үлгісіндегі тікұшақпен далалық аумақтарды барлау кезінде есірткі алқабын байқаған.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында алқап басынан 35 және 58 жастағы тұрғындар ұсталған. Күдіктілер есірткі өсіріп, баптағаны үшін қылмыс үстінде айғақты заттарымен ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерін азық-түлікпен және қаржылай көмекпен қамтамасыз еткен Қызылорда қаласының 39 және 42 жастағы тұрғындары да қолға түсті. Олардың осы қылмыстық топқа жетекшілік еткендігі дәлелденіп, уақытша ұстау абақтысына қамалды.


Өзгелердің жаңалығы