Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың дені – орта жастағы адамдар

17 Қаңтар 2021, 17:43
1496
Бөлісу:
Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың дені – орта жастағы адамдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс бойынша тіркелген деректердің басым бөлігі, яғни 61,6%-і (2145) Қызылорда қаласының үлесінде. 

Коронавирустық инфекция бойынша барлық тіркелген жағдайдың 2,4%-і сырттан тасымалданған. 57,7%-і скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған болса, 39,9%-і қарым-қатынас арқылы жұқтырылған жағдайлар болып есепке алынды. 

Коронавирус инфекциясы айлық нәрестеден бастап 99 жас аралығындағы азаматтар арасында анықталған. Оның ішінде жоғарғы көрсеткіш 20 жастан 69 жас аралығындағы адамдарда тіркелген. Дегенмен де 70-79 жас шамасындағы азаматтар арасында да белсенділік байқалады.

Қызылорда облысы бойынша бүгін 2 176 ошақ анықталып, барлығына қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, індетке қарсы профилактикалық шаралар ұйымдастырылған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы жергілікті емдеу-сауықтыру мекемелерімен 14 күнге медициналық бақылауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы