Бас жаңалықтар
Қызылордада бір жасар бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті
09 Мамыр 2021, 20:43 312

Қызылордада бір жасар бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада бір жастағы сәби көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға облыс орталығындағы Панфилов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші кабатында орналаскан пәтерде болды. 

Аталған тұрғын үйдегі үшінші қабаттағы пәтер терезесінен бір жастағы сәби құлап кетті. Ол облыстык балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жаткызылды. Жағдайы ауыр, - деп мәлім етті облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...