Қызылордада 5 адам көз жұмған жол апатын тергеу үшін комиссия құрылды

14 Қаңтар 2021, 18:38
2591
Бөлісу:
Қызылордада 5 адам көз жұмған жол апатын тергеу үшін комиссия құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) Қызылорда облысындағы Қызылорда-Құмкөл тас жолындағы 5 адам қаза тапқан ірі ЖКО-ның мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрды.

Еске салсақ, 2021 жылғы 13 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69-шақырымында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-қа тиесілі «Mersedes-Benz sprinter» автокөлігі мен «СПМК» ЖШС-ға тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі соқтығысып, салдарынан оқиға орнында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның
1 жұмыскері және «СПМК» ЖШС 2 жұмыскері қаза тапты.

Оқиға орнынан «жедел жәрдем» қызметі жоғарыда аталған компаниялардың зардап шеккен  8 жұмыскерін қалалық ауруханаға жеткізді. Олардың ішінде ауруханаға барар жолда «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері қайтыс болды. «СПМК» ЖШС-нің 1 жұмыскері ауруханада қайтыс болды. «Бастау-S» ЖШС-нің 1 жұмыскері реанимация бөлімшесіне жатқызылды. «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді. Қалған 4 жұмыскер ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Қызылордада 5 адам көз жұмған жол апатын тергеу үшін комиссия құрылды

ЖКО салдарынан жалпы 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды.

Топтық жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін тексеру үшін Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының өкімімен Қызылорда облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төреахмет Жолымбетовтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы