Қызылордада 42 нысан карантин талаптарын бұзған

18 Ақпан 2021, 00:13
1448
Бөлісу:
Қызылордада 42 нысан карантин талаптарын бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында карантин талаптарының сақталуы мониторингтік топтардың тұрақты бақылауында. Жыл басынан бері жұмысшы топтың рейдтік тексерістерімен 985 нысан қамтылды. Нәтижесінде 42 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. 

Атап айтқанда, қоғамдық  тамақтану орындарында 25 бұзушылық орын алды, олар-бетперделік режим бұзылған, караоке жұмыс жасап, кальян пайдаланылған, белгіленген шекті уақыттан асырып жұмыс жасаған нысандар да бар. Бұдан бөлек, қалада орналасқан тамақтану орнының бірінде жаңадан ашылуына орай тегін ас таратылып, шамадан тыс адамның жиналуына себеп болған.

Үй жағдайларында ұйымдастырылған мерекелік-көпшілік іс-шаралар да тыйлмай тұр, жыл басынан бері қыз ұзату, үйлену, тұсау кесер сияқты 8 той анықталған.

Дәстүрлі форматта оқитын оқушылар арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында мониторингтік жұмыстар білім беру нысандарында да күшейтіліп, 6 карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Қазалы ауданында мектеп пен балабақшада санитариялық талаптар сақталмай қызметкерлер арасында жиналыс өткен, істен шыққан санитайзерлер ауыстырылмаған, сыныпта 15 оқушыдан артық бала оқуына жол берілген.

Анықталған 42 карантин талаптарын бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 3 587 910 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. 

Өзгелердің жаңалығы