Қызылорда: Сайлауда тұрғындардың 83,6%-ы дауыс берді

25 Шілде 2021, 22:44
3211
Бөлісу:
Қызылорда: Сайлауда тұрғындардың 83,6%-ы дауыс берді

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына келіп түскен қорытынды ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың 83,6 пайызы дауыс берген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев баяндады.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 7295 – 90,97%-ды құрап отыр. 

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2496 – 93,38%. 

Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 2854 – 83,70%. 

Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 3156 – 87,76%. 

Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2584 – 92,02%. 

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3324–78,67 %. 

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы,  келушілер саны 8440 – 74,43 %. 

Сайлау барлық учаскеде Конституциялық заңға сәйкес өтті, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ, - деді Ғалым Қонақбайұлы.
Айта кетейік, ауыл әкімдерінің сайлауы кезінде заңбұзушылықтар, арыз-шағым тіркелген жоқ. Сайлау учаскелерінде пандемияға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң  сақталды.

Өзгелердің жаңалығы