Қызылорда облысының әкімі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін мерекемен құттықтады
31 Қазан 2021, 13:15 25628

Қызылорда облысының әкімі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова facebook-парақшасында әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтады. 

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер зейнеткерлерге қамқорлық, адамзаттан мейірім күткен қамкөңіл жандарға, көп балалы отбасыларға, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып келесіздер. Осындай еңбектеріңіздің арқасында өмірде қиын жағдайға душар болған азаматтар еңсесін тіктеуде.

Әлеуметтік қорғау жүйесі – қызметтік жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала.
Сол себепті, ел Президентінің Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген, - деді әкім. 

Осы орайда Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы ішінде азаматтарды әлеуметтік қорғаудың алғышарттары жасалып, көпсалалық, бірнеше деңгейлік ұлттық моделі құрылғанын айтты.
Соның арқасында халықтың әлеуметтік қамтылуын қамтамасыз етумен бірге қоғамның тұрақтылығын сақтап келеміз.
Елімізді ғана емес, әлемді жайлаған пандемия кезінде әлеуметтік көмектер тұрақты көрсетіліп, мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұйымдастырылды. Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері үздіксіз байланыста болып, халықты жеке сұрақтармен қабылдауды бір мезет те тоқтатпады, - деді облыс басшысы.
Оның айтуынша, әлеуметтік салада бүгінгі күні 2 мыңнан аса маман еңбек етіп жатыр.
Үйде қызмет көрсетілетін жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар ересек адамдар, балалар арнаулы әлеуметтік қызметтермен үздіксіз қамтылуда.

100 жылдық тарихы бар әлеуметтік саланың қалыптасуына зор үлес қосқан Қорғанбек Қайруллаев, Майдан Мәселеева, Генадий Максин секілді апа-ағаларымыздың ізгілікті ізін бүгінгі күні көптеген білікті де білімді мамандар, сала үздіктері жалғастыруда.

Кәсібіне адалдықпен, жауапкершілікпен қарап, қамкөңіл жандарға мейірімін төккен әлеуметтік сала қызметкерлерін, әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, зор ризашылығымды білдіремін!Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, амандық тілеймін!

 Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! - деп жазды Әбдіқалықова. 

Фото: дереккөз
Загрузка...