Қызылорда облысында ҰБТ басталды

20 Қаңтар 2021, 16:55
1637
Бөлісу:
Қызылорда облысында ҰБТ басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу 2020 жылдың 20 қаңтары мен 05 ақпаны аралығында өтеді. Осыған орай 8 тестілеу орталығы белгіленді. 

Бүгінгі таңда 6 092 оқушы тестілеуге қатысуға өтінім берген.

Облыстық білім басқармасымен бекітілген «Жоғары оқу орындарына  ақылы негізде түсу үшін 2020-2021 оқу жылына арналған ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жоспарына» сәйкес 82 аудиторияға санитариялық-дезинфекциялық талаптар белгіленген. 

ҰБТ өткізу пункттерінде тестіленушілер, мемлекеттік комиссия мүшелері, кезекшілер үшін тепловизормен тексеру, медициналық пункттің жұмысы, санитайзерлердің, аяқ киімге арналған дезинфекциялау кілемшелерінің болуы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тестіленушілердің арасындағы ара қашықтықты сақтау ҰБТ өткізу пунктіне кірер кезде және аудиторида отырғызу кезіндеде маңызды шарт болып табылады. Тестілеу өткізу ғимараттары мен аудиторияларына алдын ала дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.

Адамдар арасындағы арқашықтықты сақтау үшін баррикадалық жолақтар қарастырылуы керек. 

Дене температуралары 37С және одан жоғары болса, ЖРВИ немесе коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері байқалса, анамнезінде КВИ жұқтырған адаммен байланыста болғандығы дәлелденсе, соңғы 14 күнде шетелге барып келгені анықталған болса ол қатысушы арнайы мамандандырылған көлікпен денсаулық сақтау ұйымына жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы