Қызылорда облысында тасқын су жинайтын су қоймасы салынады

18 Ақпан 2021, 01:15
1857
Бөлісу:
Қызылорда облысында тасқын су жинайтын су қоймасы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында қыста тасқын суды жинайтын жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында қыс мезгілінде тасқын су жиналатын су қоймасы салынады. Су қоймасын салудағы негізгі мақсат – вегетациялық кезеңде су тапшылығын болдырмау. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Жыл сайын жаз мезгілінде өңірде суармалы жерлерді суару үшін су тапшылығы болады. Былтыр су тапшылығы ерекше сезілді. Сырдария өзені арқылы келетін судың шамамен 70 пайызы қыс мезгілінде келеді. Сондықтан алдағы уақытта қыста тасқын суды жинау үшін 2,3 млрд текше метр су жинайтын су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, облыс әкімінің айтуынша, биыл Үкімет қолдауымен «Көкарал» бөгетін қалпына келтіру бойынша 4,7 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылы Жиделі су қоймасы пайдалануға берілді. 2021 жылы Қызылорда мен Әйтек гидроторабын қайта жаңарту, сонымен қатар Жалағаш ауданындағы ирригация және дренаж жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы