Бас жаңалықтар
Қызылорда облысында 2020 жылы 4303 тонна балық өнімдері экспортталды
24 Шілде 2021, 03:18 298

Қызылорда облысында 2020 жылы 4303 тонна балық өнімдері экспортталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірінде 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна. Оның 4-еуінде еуропалық сапа стандартын растайтын еврокод белгісі бар. Балықтың 14 түрі экспортталады.

Бүгінгі күні облыс аумағынан балық өнімдерінің 18 түрі ауланады. 2020 жылы 8855 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 134 млн теңге қаржы түсірілді. 2021 жылдың 6 айында 5301 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 75 млн теңге қаржы түсірілді. 2020 жылы 4303 тонна балық өнімдері экспортталды. 2021 жылдың 6 айында 2037 тонна балық шет елдерге экспортталды. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы, Польша, Литва, Нидерланды, Грузия және Германияға экспортқа шығарылды. Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері – тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке, – делінген әкімдіктің мәліметінде.

Сондай-ақ өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны экспортталады. Облыста 23 көл-тауарлы балық шаруашылығы жұмыс жасауда, 2019 жылы олардың саны 10 болса, 2020 жылы 20-ға жетті. 2017 жылдан 2020 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 535 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды және оның көлемі 16 пайызға артты. 2021 жылы тауарлы балық көлемі 172 тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға өседі және балық өсіретін шаруашылықтар саны 23-тен 30-ға жетеді деп жоспарлануда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...