Бас жаңалықтар
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары желіде талқыға түскен хатқа жауап берді
17 Қыркүйек 2021, 20:49 412

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары желіде талқыға түскен хатқа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова хабарлады. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде талқыланған хаттағы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында балаларға вакцина салу жұмыстары қолға алынған жоқ. Балаларға салынатын екпе де елімізде жоқ. Сол үшін ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова да екпеге қатысты мәліметтерді жоққа шығарды.

Жалағаш аудандық білім бөлімі балаларды вакцинациялауға қатысты хат жолдаған екен. Бұл хат санитарлық-эпидемиологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында жіберілген. Бұл ақпараттандыру болып табылады, - деп жауап берді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда әлеуметтік желіде Жалағаш аудандық білім бөлімінің балалар вакцинациясына қатысты хаты тараған болатын. Хатта санитарлық-эпидемиологиялық орталығының хатына сәйкес, 12 жастан асқан балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғаны баяндалған. Соған байланысты балалардың тізімі сұратылыпты. Бұл жайт көпшіліктің талқысына түсті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...