Бас жаңалықтар
Қызметкерлердің 98 пайызы вакцина алды – кәсіпкер
25 Маусым 2021, 18:12 959

Қызметкерлердің 98 пайызы вакцина алды – кәсіпкер

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 25 маусымдағы ресми мәлімет бойынша Қарағанды облысында 152 922 адам КВИ-ге қарсы вакцина алған. Вакцина алғандардың қатарында қызмет көрсету саласының мамандары мен қызметкерлері де бар.

«Чао Ян» рестораны мен «TEDD bar» ресто-барында тұрғындарға қызмет көрсететін қызметкерлердің 98 пайызы екпе алған. Аталған қоғамдық тамақтану орындарында жалпы алғанда қырыққа жуық адам қызмет етеді. Бүгінгі таңда олардың 37-сі коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияланған.

Біздің ұжым сәуір айында алғашқылардың бірі болып екпе алдық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының келісімен «Таир» сауда үйіндегі вакцина орнына барып, бір адамдай вакцина алдық. Қызметкерлерге бір күн демалыс берілді. Екпеден кейін барлық қызметкердің жағдайы жақсы болды, ешкімде жағымсыз әсер байқалмады,- дейді «Чао Ян», «TEDD bar» ресторандарының иесі кәсіпкер Марина Киселева.

Оның айтуынша, қоғамдық тамақтану орнының қызметкерлерінің тек үшеуі екпе алмаған. Бір қызметкер денсаулығына байланысты екпе алмаса, қалған екеуінде антиденелердің болуына байланысты әзірге вакцинацияланбаған.

Вакцина алу пандемиямен күресудің бірден-бір жолы екендігі белгілі. Сонымен қатар екпе алу жұмысты жалғастыруға мотивация болды. Біз өткен жылы қатаң карантин, локдаун кезінде ұжымдағы қызметкерлердің барлығын сақтап қала алдық. Қиын кезеңдерде бір-бірімізге қолдау білдірдік. Тұрғындарға қызмет көрсету саласында еңбек ететін мамандар мен қызметкерлерді вакцинациялаудың маңыздылығын кәсіпкерлерге түсіндіріп, ұжым мүшелерінің барлығының екпе алуына мұрындық болған қала әкімінің орынбасары Халел Әкімжановтың еңбегін жоғары бағалаймын,- дейді Марина Валерьевна.

Қоғамдық тамақтану орындары «Ashyq» қосымшасына қосылған.




Фото: дереккөз
Загрузка...