Қытайлық CoronaVac қандай вакцина?

16 Маусым 2021, 14:34
1884
Бөлісу:
Қытайлық CoronaVac қандай вакцина?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова қытайлық CoronaVac вакцинасының ерекшелігін айтып берді.

Қазақстанға 500 мың CoronaVac әкелінді. Бүгінде олар барлық өңірде қолжетімді. Осы аптадан бастап барлық аймақта CoronaVac екпесімен вакциналау басталды. Қазірдің өзінде CoronaVac-тың бүкіл ел бойынша алғашқы дозасын 15 мыңға жуық адам алды, - деді ол брифингте.

ОКҚ-да Есмағамбетова CoronaVac-тың басқа вакциналардан ерекшелігін атап өтті. Айтуынша, CoronaVac - QazVac, Hayat-Vax сияқты белсенді емес вакцина.

Мұнда белсенді емес вирус қолданылады. Егер вакцинаны сақтау температурасы туралы айтатын болсақ, бұл +2-8. Вакцина екі компоненттен тұрады. Дозалар арасындағы интервал 14-тен 28 күнге дейін өзгереді. Егер сізге CoronaVac вакцинасы салынса, сіз екінші дозаның уақытын екі-төрт апта аралығында таңдай аласыз, - деп жауап берді комитет төрағасы Айжан Есмағамбетова журналистің сұрағына.

Еске сала кетейік, елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап жүргізіліп жатыр. Қай вакцинаны салдыруды халық өз еркімен таңдай алады.

Бұған дейін Есмағамбетова Алматыда QazVac вакцинасы таусылуға жақын екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы