Қытайдың Sinopharm вакцинасы елордаға жеткізілді

16 Тамыз 2021, 11:10
3725
Бөлісу:
Қытайдың Sinopharm вакцинасы елордаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Sinopharm компаниясының вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Вакцина қала емханаларына, сол сияқты, оларға бекітілген сауда ойын-сауық орталықтары (СОО) мен сауда үйлеріне (СҮ) бөлінетін болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ДДСҰ мақұлдаған екпелер вакцинация пункттеріне жеткізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Бірінші кезекте вакциналар медициналық ұйымдарға қарасты егу пункттеріне жеткізіледі. СОО, СҮ жанындағы әрбір пунктке БМСК ұйымдары бекітілген. Олар вакцинаны алғаннан кейін бір тәулік ішінде сауда орталықтарының егу пункттеріне жеткізеді, - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы проблемалы жайттарды болдырмас үшін екі компонентті бір пункттен алу керектігін хабарлайды.

Біз қала тұрғындарынан вакцинаның екі компонентін де бір пункттен алуды сұраймыз. Яғни бірінші дозаны емханадан немесе сауда орталығынан алсаңыз, екіншісін де аралық уақытты сақтай отырып, сол орыннан алуды ұсынамыз, - деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасында.

Қазіргі уақытта елордада вакцинаның үш түрі бар – ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac вакцинасы және жақында келіп түскен Sinopharm.

Өзгелердің жаңалығы