Бас жаңалықтар
Қытайдың ғарыш аппараты Айдың бетіне қонды
01 Желтоқсан 2020, 23:36 2541

Қытайдың ғарыш аппараты Айдың бетіне қонды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың «Чанъэ-5» зонды сейсенбі күні Айдың бетіне сәтті қонды, деп хабарлайды Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы.

Аппарат сәтті қонғаннан кейін, Айдың бетінде жүргізілетін жұмысына кірісті. Ол екі тәулікке созылады, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, миссия барысында зонд Ай топырағының үлгілерін жинап, Жерге жеткізуі тиіс. «Чанъэ-5» Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр. Жалпы зондтың ұшу уақыты 20 күннен асады. Салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» зонды орбиталық, қонушы, қайтушы және ұшу модульдерінен тұрады. 

Айта кетерлігі, Айды зерттеуге арналған Қытай бағдарламасы 2004 жылы іске қосылды. Ол үш кезеңнен тұрады: Айды айналып ұшу, оның бетіне қону және Жерге айдағы топырақ үлгісін жеткізу. 

Еске сала кетсек, «Чанчжэн-5» зымыраны 24 қарашада Оңтүстік Қытайдағы Хайнань аралы провинциясындағы Вэнчань әуе айлағынан «Чанъэ-5» зондын алып ұшқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...