Бас жаңалықтар
Қытайда жауынгерлік өнер мектебінде өрт болып, 18 адам қаза болды
25 Маусым 2021, 10:32 1675

Қытайда жауынгерлік өнер мектебінде өрт болып, 18 адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шанцю қаласындағы жаттығу орталығында 25 күні таңда өрт болып, салдарынан 18 адам қаза болды.

CGTN телеарнасының хабарлауынша, тағы 16 адам түрлі жарақат алған.

Белгілі болғандай, өрт Хэнань провинциясы Шанцю қалалық округі Чжэчэн уездіндегі жауынгерлік өнерге машықтайтын залда таңғы жаттығу кезінде болған. Тілсіз жаудың шығу себептері белгісіз.

Қазір оқиға орнына өңірлік және жергілікті билік өкілдері барды.

Телеарна мәліметі бойынша өрт сөндірілді. Полиция қызметкерлері мекеме басшысын ұстады. Қаза болғандардың жас шамасы мен қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әлі айтылмады.



Фото: дереккөз
Загрузка...