Бас жаңалықтар
Қытайда зейнет жасы ұлғайтылады
05 Наурыз 2021, 18:30 399

Қытайда зейнет жасы ұлғайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік-экономикалық дамудың 14-ші бесжылдық жоспарын (2021-2025) іске асыру жылдарында Қытайдағы зейнетақы жасы біртіндеп артады. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлімдеді деп жазады interfax.ru.

Нормативтік зейнетақы жасы халықтың 95%-на дейін қарттық бойынша негізгі зейнетақы сақтандыруын қамтамасыз ете отырып, кезең-кезеңімен өсетін болады, - деді премьер жұма күні Бейжіңде ашылған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясында.

Сонымен қатар ол Үкіметтің «бала туудың барабар деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс істеуге», сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге ниетті екенін атап өтті.

Қытайда бұған дейін жүргізілген отбасында бір ғана бала тууы керек туралы саясаты халықтың табиғи қартаюына алып келді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, 2035 жылға қарай Қытайда жұмыс істейтін екі адам бір зейнеткерді қамтамасыз етсе, 2050 жылға қарай елдің шамамен 35%-ы зейнеткерлік жастағы адамдар болады.

Бүгінгі таңда Қытайдағы ер адамдар 60 жасқа толғанда, әйелдер 55 жасқа толғанда зейнетке шығуға құқылы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...