Бас жаңалықтар
Қытайда кеме аударылып, бірнеше адам қаза тапты
19 Қыркүйек 2021, 13:15 262

Қытайда кеме аударылып, бірнеше адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесінің аударылуы салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Хабарламаға сәйкес, Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясы Лючжи арнайы ауданындағы Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесі аударылып, салдарынан сегіз адам қаза тапқан және тағы жеті адам із-түссіз жоғалған. Қазіргі кезде 31 адам құтқарылды. 

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда. Зардап шеккендер және қаза болғандардың отбасымен психолог мамандар жұмыс жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Апат салдары әзірге белгісіз.



Фото: дереккөз
Загрузка...