Қытайда Абайдың қытай тіліндегі шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

11 Желтоқсан 2020, 09:20
1572
Бөлісу:
Қытайда Абайдың қытай тіліндегі шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында есігін ашқан «Абай мұрасы» залында Абай Құнанбайұлының 145 өлеңін, үш поэмасын және «Қара сөздерін» қамтитын қытай тіліндегі шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай еңбектерін аударуды Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ және Чжэцзян өлкесінің Мәдениет және өнер баспа үйінің жәрдемімен белгілі жазушы, «Қытай жазушылары» баспа тобының бас басқармасының басшысы Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды.

Қытайда Абайдың қытай тіліндегі шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

Кеш қонақтарының қатарында ҚХР бұрынғы мәдениет және туризм министрі Ван Мэн, ҚХР-дың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Чжоу Сяопэй, Қытай жазушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Ли Цзенцзи және басқалары болды.

Әкбар Мәжитұлы (1954 жылы туған) – қытай тілінде жазатын аз ұлттардың өкілдерінен тұратын ҚХР-дың көрнекті жазушыларының бірі. 1982 жылдан бастап Қытай жазушылар одағының мүшесі, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің депутаты болған, үш рет ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, II дәрежелі «Достық» орденінің кавалері, оннан астам кітаптың, оның ішінде Абай шығармалары аудармаларының авторы болып табылады.

Әкбар Мәжитұлының аудармалары мен шығармашылық ізденістерінің арқасында бүгінгі таңда қытайлық оқырмандар Абай Құнанбайұлының ақындық және философиялық мұрасымен қатар қазақ әдебиетінің басқа да көрнекті классиктерінің шығармаларымен таныса алады.

Өзгелердің жаңалығы