Қытай Ресеймен шектесетін қалаға карантин енгізген

22 Қараша 2020, 13:02
1578
Бөлісу:
Қытай Ресеймен шектесетін қалаға карантин енгізген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі Ресеймен шектесетін Маньчжоули қаласына карантин енгізіді, деп жазды lenta.ru. 

Оған қалада коронавирустың екі жағдайының тіркелуі себеп болған.

Қалада көпшілік қатысатын шараларды ұйымдастыруға тыйым салынып, ойын-сауық мекемелері жабылды. Сондай-ақ мектеп пен балабақша да өз жұмысын тоқтатты. Қала билігі жаппай тестілеу өткізбек. Мұнда «Забайкальск–Маньчжурия» жүктасымалдау бекеті орналасқан.

Пандемия басталғалы бері Қытайда коронавирустың 92 030 жағдайы тіркелді. Оның 86,7 мыңы дертінен айықты. 4742 адам көз жұмды. Әлемде індет жұқтырғандардың саны 58 миллионнан асты

Өзгелердің жаңалығы