Қытай Қысқы Олимпиада ойындарына дайын – елші

24 Қыркүйек 2021, 17:25
17334
Бөлісу:
Қытай Қысқы Олимпиада ойындарына дайын – елші
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытайдың Қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтып берді.

Келесі жылдың ақпанында Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Осы ретте әлемдегі жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы орны болған Пекин қазіргі Олимпиада ойындарының шежіресіне енеді. Әрине, Пекин үшін бұл үлкен құрмет, сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Төраға Си Цзиньпин Халықаралық олимпиада комитетінің төрағасы Бах мырзамен кездесуінде олимпиаданы өткізу кезінде «жасыл», қолжетімділік, ашықтық және тұрақтылық қағидатын ұстанатындарын жеткізді, - деді дипломат онлайн брифингте.
Оның сөзінше, Қытай коронавирус инфекцияның таралуына байланысты түрлі қиындықтарды еңсере отырып, алдағы спорттық іс-шараларға дайындықты сәтті бастап кеткен.
Алдағы Олимпиада мен Паралимпиада аясында жобалау және салу кезінде жасыл және экологиялық тұжырымдамаға толық сәйкес келетін «жасыл энергия көздері» қолданылған әртүрлі мақсаттағы 39 кешен пайдаланылады. Енді Олимпиадаға арналған барлық кешен аяқталды және сынақтан өтті. Жарысқа толығымен дайын. Алдағы екі ай ішінде жоспарға сәйкес тағы 15 халықаралық және ұлттық тестілік жарыстар өтеді. Барлық кешен сынақтан лайықты өтетініне сенімдімін, - деп айтты Чжан Сяо.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында Қытайда Қысқы Олимпиада ойындары өтеді.

Өзгелердің жаңалығы