Қытай Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру идеясын қолдап отыр

12 Маусым 2021, 22:15
2519
Бөлісу:
Қытай Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру идеясын қолдап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шарада бейнебайланыс арқылы мәлімдеме жасаған Қытайдың СІМ басшысы қарусыздану және таратпау саласындағы мәселелерге қатысты Бейжіңнің ұстанымымен таныстырды. 

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына Қарусыздану жөніндегі конференция аясында ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И қолдау білдірген.  

Пікір алмасу барысында Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова қытай тарапына қазақстандық бастамаға қолдау білдіргені үшін ризашылық білдіріп, бүгінгі жағдайда оның ерекше өзекті екенін атап өткен. 

Оның айтуынша, бұл бастамаға қатысты тұжырымдамалық хат мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары арасында таратылғанын хабарлап, оны мүдделі делегациялармен егжей-тегжейлі талқылауға дайын екенін атап өткен.  


Өзгелердің жаңалығы