Қытай Қазақстанда 56 заманауи кәсіпорын салады

5 Наурыз 2021, 23:28
3258
Бөлісу:
Қытай Қазақстанда 56 заманауи кәсіпорын салады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнмен (Wang Shouwen) Қазақстан-Қытай «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін үйлестіру тетігінің 2-ші отырысына дайындық бойынша келіссөздер өткізді.

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазды Рavlodarnews.kz.

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған.
2020 жылы Қытаймен тауар айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті. Қытайға экспорт 9 миллиард доллар, импорт 6,4 миллиард доллар болды. Қытай Қазақстанға инвестиция салған ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді, – деді вице-министр «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығын дамытуға арналған жиында.
Өз тарапынан Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстан мен Қытай Мемлекет басшыларының «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламаларында қойылған міндеттерге сәйкес «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының Қазақстан-Қытай халықаралық орталығы бүкіл қайта жанданып келе жатқан Ұлы Жібек жолының маңызды нүктесіне айналғанын және бірегей әрі табысты мемлекетаралық жоба екенін атап өтті.
Қытайға тікелей инвестицияның жылыстауы (отток) $ 667,2 миллион доллар болды.Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $ 24,5 миллиардқа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда, бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады, – деді Қайрат Төребаев.
Оның айтуынша, бүгінде «Қорғас» ШЫХО-ның Қазақстан аумағында жалпы сомасы 110,37 миллиард теңгеге 29 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша 24 компания жұмыс істеп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы