Қытай G7 тобынан елге жала жабуды тоқтатуды сұрады

14 Маусым 2021, 17:00
2832
Бөлісу:
Қытай G7 тобынан елге жала жабуды тоқтатуды сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондондағы Қытай елшілігі Корнуолдағы G7 саммитінің көшбасшылары жасаған мәлімдеге қатысты пікір білдіріп, топтың әріптестікке көбірек назар аударулары тиіс екенін айтты. 

Бұл туралы centralasia.media жазды.

Біз Америка құрама штаттары мен G7 тобының мүшелерін фактілерге және қалыптасқан жағдайға құрметпен қарауға, Қытай еліне жала жабуды, елдің ішкі мәселесіне араласуды доғаруларын сұраймыз, - деді елшіліктегілер.

Сенбі күні өткен самитте Қытай негізігі тақырыпқа айналды. Топтың бірігіп қабылдаған коммюникінде де Қытайдың әлемдік экономикада нарықтық емес саясатты қолданатыны туралы жазған.

Біз бұл мәселені шешуде және әлемдік экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуде ұжымдық қадам мәселесіне қатысты кеңесті әлі де жалғастырамыз, - делінген онда.

Сонымен қатар топ көшбасшылары адам құқықтары бұзылды деп айыпталып отырған Синьцзян мен Гонконгта халықтың еркіндігі мен адам құқытарын сыйлауға шақыратынын атап өтті.

Қытай бұл мәселеге қатысты фактілердің бұрмаланғанын және АҚШ-тың оны бұрмалауда өз мүддесі бар екенін алға тартып отыр.

Өзгелердің жаңалығы