Қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңге жеткізілді

20 Қазан 2021, 18:07
5104
Бөлісу:
Қысқы Олимпиада ойындарының алауы Бейжіңге жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы Ақ Олимпиаданың алауы Афинадан Бейжіңге жеткізілді.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Алауды жағу рәсімі 18 қазан күні Ежелгі Олимпийде өтті. Содан кейін бір күн өткен соң Греция афиналық тарихи «Панатинаикос» стадионында алауды Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушыларына тапсырды.

20 қазанда алау арнайы рейс арқылы Пекинге жеткізілді. Құттықтау рәсімі кейінірек Пекиннің Олимпиадалық мұнарасында өтеді. 

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді деп күтілуде.


Өзгелердің жаңалығы