Қыс басталғалы елордада 500 мың текше метрден астам қар шығарылды

9 Желтоқсан 2019, 09:39
3930
Бөлісу:
Қыс басталғалы елордада 500 мың текше метрден астам қар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыс маусымы басталғалы Нұр-Сұлтанда 500 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлады Елорда Инфо.

Күн сайын елорда көшелерін қар мен мұздан тазалауға мыңға жуық арнайы техника шығады. Қаланың коммуналдық қызметі демалыссыз, тәулік бойы жұмыс істейді. Желтоқсанның 7-нен 8-не қараған түні 944 бірлік арнайы техника мен 207 жұмысшы қар тазалауға жұмылдырылды. 27068 текше метр қар қала сыртына шығарды.

8 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы көшелерді қар және мұздан тазалауға 1523 жол жұмысшысы мен 1023 бірлік арнайы техника шықты, - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Қыс маусымы басталғалы қаланың коммуналдық қызметтері 505 409 текше метр қар шығарды.

Айта кету керек, қаланы санитарлық тазалау бойынша үздіксіз және сапалы жұмыс істеу үшін елорданың коммуналдық қызметінің техникалық паркі жаңа арнайы техникамен толыққан болатын.

Атап айтқанда, автогрейдерлер, қалақты тиегіштер, құм шашушы машиналар, тракторлар және т.б. сатып алынды. 2020 жылы тағы 90 арнайы техника сатып алу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, қар жинау жұмыстары кезінде әлеуметтік нысандар, көппәтерлі тұрғын үйлер, жаяу жүргіншілер жолдары, аялдамалар, жолдар, СОО және т.б. аумақтарына ерекше көңіл бөлінеді.




Өзгелердің жаңалығы