Бас жаңалықтар
Қыркүйектен бері қанша мұғалімнен КВИ анықталды?
12 Қаңтар 2021, 14:03 109

Қыркүйектен бері қанша мұғалімнен КВИ анықталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылының үшінші тоқсаны тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова журналистердің сауалына жауап берді.

1 қыркүйектен бері қанша мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталды? – деп журналист онлайн брифингке қатысқан БҒМ өкілдеріне сауал жолдады.

Бұл сұрақты жүргізу ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кірмейді. Сондықтан бұл статистика Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретінде, - деп қысқа қайырды Каринова.
Сондай-ақ, елімізде қанша мектеп карантинге жабылғандығы және елдегі эпиджағдай қиындаса, БҒМ-нің әрекеті қандай болатындығы туралы қойылған сауалға былай деп жауап берді.

Біріншіден, Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге оқу жылының басталғанынан бері тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Шешім қабылдау сұрақтары бойынша Үкіметте және Үкімет жанындағы ВАК отырысына шығарылатын болады. Сондай-ақ, тиісті шешімдер қабылданып, жергілікті Бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен қабылданады. Сондай-ақ, осы тәртіппен жұмысты жалғастыратын боламыз, - деді вице-министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...