Қыркүйекте экономика дами бастады – министр

13 Қазан 2020, 09:15
1669
Бөлісу:
Қыркүйекте экономика дами бастады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметте өткен онлайн отырыс кезінде баяндады.

Қызметтер саласында жұмыс қайта белсенді бола бастады. Нақты секторда өсу сақталуда. Қыркүйекте өсім көрсеткен салалар саны артып, экономика дами бастады. Деректерге сәйкес, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 8 айдағы минус 3%-тен 9 айда минус 2,8%-ке дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7,0% деңгейінде сақталды, - деді Руслан  Дәленов Үкімет отырысындағы баяндамасында.
Министрдің сөзінше, нақты секторда өсу 2,2%-ке дейін артқан.
Нақты сектор салаларының көбінде және жекелеген қызмет түрлерінде өсу байқалуда. Тоғыз айдың көрсеткіштері бойынша құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі. Ал төмендеу көлік, сауда, әкімшілік қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікпен операциялар, тұру мен тамақтану салаларында байқалды, - Ұлттық экономика министрі.

Дәленов айтқандай, қыркүйек айын жеке алып қарайтын болсақ, онда қызмет көрсету салаларының көбі өсуі қайта қалпына келе бастағанын көрсетіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы