Қырғызстанның атауы өзгеруі мүмкін

23 Қараша 2020, 17:55
5220
Бөлісу:
Қырғызстанның атауы өзгеруі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанды Қырғыз Эл Республикасына яғни Қырғыз Халық Республикасына немесе Қырғыз Республикасына ауыстыру ұсынылды.

Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен Конституциялық кеңес отырысында белгілі болды. Sputnik Кыргызстанның хабарлауынша, отырыста Қырғызстанның атауын өзгерту туралы сөз қозғалған. 

Басқа елдер атаулары зат есімдер арқылы жасалады. Біздің елдің орыс тіліндегі атауында есімдік (сын есім) қолданылған. Егер оны аударсақ, қырғыздар республикасы деген мағынаны білдіреді. Орыс тілінде дұрыс жазып, Қырғыз Республикасы деп атаған дұрыс. Бұл жағдайда басқа ұлттар наразы болмайды. Кыргызская Республика десек, қырғыздар елі деп түсініп қалуы мүмкін. Қырғыз Республикасы атауынан көп ұлтты біріктіріп отырғанын ел деп түсінуге болады, - деді бұрынғы Әділет министрі Марат Қайыпов.

Қырғыз жолы қоғамының басшысы Қадыр Қошалиев елді Қырғыз Эл Республикасы, яғни Қырғыз Халық Республикасы деп атауды ұсынды.

Біздің елде халықтық билік енгізіліп жатқандықтан, Қытайдағы сияқты (Қытай Халық Республикасы) мемлекет атауында халық аталуы тиіс, - деді ол.

Айта кетсек, Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасының және референдум өткізу туралы заңның қабылдануына бастамашылық етті. Оны 10 қаңтарда өткізу ұсынылды.

20 қарашада Конституцияның жаңа жобасын талқылау үшін Конституциялық кеңес құрылды. Оған 89 адам кірді.

Өзгелердің жаңалығы