Қырғызстанда сайлау басталды

28 Қараша 2021, 11:22
646
Бөлісу:
Қырғызстанда сайлау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызғызстанда Жогорку Кенеш депутаттар сайлауы басталды, деп хабарлайды Кабар.

ОСК өкілі Нұржан Шайлдабекованың мәліметінше, Жогорку Кенештің жаңа құрамы 90 депутаттан тұрады және аралас сайлау жүйесі бойынша 5 жылға сайланады. Осылайша, Жогорку Кенештің 54 депутаты пропорционалдық жүйемен (саяси партия кандидаттарының ашық тізімі бойынша), 36 депутат бір мандаттық сайлау округінде мажоритарлық жүйемен сайланады ОСК өкілі Нұржан Шайлдабекова елде 2435 сайлау учаскесінің ашылғанын айтты. Шетелде 59 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. 

Барлық сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықпен және материалдармен жабдықталған. Учаскелерде бюллетень саны да жетерлік, - деді ол.
Оның айтуынша, ОСК дауыс беру процесін бақылау үшін 736 халықаралық бақылаушы тіркеуден өткен.


Өзгелердің жаңалығы