Бас жаңалықтар
Қырғызстанда әлем бойынша алтыншы Абай үйі ашылды
PHOTO
07 Қазан 2021, 17:43 1387

Қырғызстанда әлем бойынша алтыншы Абай үйі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 7 қараша күні әлем бойынша алтыншы «Абай мәдени-іскерлік үйі» Қырғыз Республикасында ашылды. 

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Мақпал Тәжмағамбетова, «Отандастар қорының» Президенті Нұртай Әбіқаев, Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева қатысты.

«Отандастар қоры» КеАҚ басым жобаларының бірі шетелде «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің (бұдан әрі – «Abai Uii» МІҮ) желісін құру болып табылады.


«Abai Uii» МІҮ қызметінің мақсаты:

Шетелдегі қазақ ұлттық-мәдени орталықтарын бірыңғай желіге шоғырландыру арқылы халықтық мәдени мұрамызды көпшілікке кеңінен танытумен қатар алыс-жақын шет елдердегі қазақ диаспоралары және отандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды нығайту, дамыту және кеңейту болып табылады.


«Abai Uii» МІҮ міндеттері:

- шетелде қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дәріптеу және ілгерілету;

- халықаралық мәдени озық тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау;

- ерекше дарынды тұлғаларды анықтау, оларды қолдау және еліміз бен шет елдерде шығармашылық, мәдени және спорттық әлеуетін ілгерілету үшін жағдай жасау;

- шетелдегі отандастардың ұлттық-мәдени және зияткерлік әлеуетін дамытуға, оның ішінде қазақ тілін оқып-үйренуіне қолдау көрсету;

- этникалық қазақтарға Қазақстан туралы қызықтыратын барлық мәселелер бойынша, оның ішінде ерікті қоныс аудару мәселелері бойынша ақпараттық, құқықтық және өзге де консультациялық көмек көрсету;

- Қазақстанға тиімді инвестициялар тарту, сондай-ақ отандас кәсіпкерлердің бизнес әлеуетін ел экономикасына тарту.

- халықаралық, өңірлік және ұлттық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар желісі бойынша байланыстарды дамытуға жәрдемдесу;

- мәдениет, білім, спорт, ғылым және техника саласында ақпараттық-жарнамалық жұмыстар ұйымдастыру.

- гуманитарлық, спорттық, мәдени, ғылыми-техникалық және ақпараттық байланыстарды дамыту саласындағы ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

- отандастарымыз тұратын мемлекеттегі жұртшылықты Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетімен, ішкі және сыртқы саясатымен, оның саясат, мәдениет, спорт, ғылым, білім және экономика саласындағы жетістіктерімен таныстыру;

- екі мемлекеттің шығармашылық, мәдени-ағарту, ғылыми, кәсіби және спорт ұйымдары арасында байланыс орнатуға және ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасының мәдени, білім беру, ғылыми-техникалық, спорттық, қоғамдық-саяси және экономикалық даму мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық қорлар мен деректер банкін құру, халықаралық гуманитарлық, мәдени, ғылыми, спорттық және іскерлік ынтымақтастық проблемалары бойынша конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, консультациялар өткізу;

- отандастарымыз тұратын мемлекеттегі этникалық қазақтар арасында мәдени-ағарту және ақпараттық жұмыс жүргізу, олардың тұрғылықты мемлекет заңнамасына қайшы келмейтін бірлестіктерімен қызметтік байланысты қолдау;

- көркемөнер ұжымдары мен жекелеген орындаушылардың өнер көрсетулерін ұйымдастыру, теле және киноөнімдер ұсыну; экспонаттық, ұлттық көрмелер, фотокөрмелер, көркем шығармалар мен халық шығармашылығы бұйымдарының көрмелерін, кітап көрмелерін өткізу;

- отандастарымыз тұратын мемлекеттегі жергілікті ғылыми және оқу орындарында қазақ тілі мен мәдениетін оқыту курстарын ұйымдастыру, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету;

- отандастарымыз тұратын мемлекеттің азаматтарын Қазақстан Республикасына оқуға және тағылымдамадан өтуге, іріктеуге және жіберуге жәрдем көрсету; тұрғылықты мемлекеттің мүдделі ұйымдары мен жекелеген азаматтары үшін қазақ үйіндегі кітапханалар мен басқа да ақпараттық қызметтердің жұмысын қамтамасыз ету;

-бірлескен іс-шараларды өткізу үшін достық қауымдастық және қоғамдармен, бизнес-қоғамдастықпен білім, мәдени және ғылыми, спорттық, жастар мекемелерімен, үшінші елдердің мәдени-ақпараттық орталықтарымен ынтымақтастық орнату.

- Қазақстан Республикасы мен этникалық қазақтар және отандастар тұратын мемлекеттің қалалары мен өңірлері арасында әріптестік және бауырластық қатынастарды орнату мен дамытуға жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасы үшін тарихи-мемориалдық маңызы бар шет елдердегі объектілерді сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.


ҚР АЖҚДМ қолдауымен және ҚР СІМ келісімі бойынша шет елдердегі қазақ мәдени орталықтары базасында 2020 жылы 5 «Abai Uii» МІҮ онлайн-форматта ашылып, жұмыс істеуде: Омбы (Ресей Федерациясы), Ыстамбұл (Түркия), Ташкент (Өзбекстан), Берлин (Германия) және Киев (Украина) қалаларында.


«Abai Uii» МІҮ саяси немесе коммерциялық жоба емес және Қазақстан Республикасының жеке және/немесе заңды тұлғалары мен отандастардың шетелде тұратын елдері арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту мақсатында әрекет етеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...