Қырғызстан шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

6 Желтоқсан 2020, 15:34
1590
Бөлісу:
Қырғызстан шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан үкіметі «Манас», «Ош», «Ыстықкөл» халықаралық әуежайлары арқылы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды елге өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап sputnik.kg хабарлайды.

Бұған дейін республикаға кіруге тек 33 елдің азаматтарына рұқсат етілген болатын, енді шектеулер алынып тасталды.

2020 жылдың 4 желтоқсанынан бастап шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қырғызстан Республикасына заңнамада белгіленген тәртіппен тұрақты рейстермен келе алады, - делінген хабарламада.

Ведомствода шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар соңғы 72 сағат ішінде жүргізілген COVID-19 жоқтығын растайтын ПТР-талдау нәтижелерін көрсеткен кезде Қырғызстанға ұшатын бортқа жіберіледі. Қырғызстандағы санитарлық-карантиндік пункттердің қызметкерлері жолаушылардың ПТР-зерттеу нәтижелерінің бар-жоғын тексереді және келген кезде әуе кемесінің бортында термометрия жүргізеді.

Ұшу ұзақтығына немесе авиарейстің кідіртілуіне байланысты объективті себептер бойынша ПТР-тестінің қолданылу мерзімі (72 сағат) аяқталған жағдайда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар келген жері бойынша ПТР-зерттеуден өтуге міндетті.

Сонымен қатар 2021 жылға жоспарланған Президент сайлауы мен Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына халықаралық байқаушыларды қабылдауды қамтамасыз ету үшін Үкімет Сыртқы істер министрлігі мен басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың шақыруы бойынша байқаушылар ретінде Қырғызстанға жіберілетін шетелдіктерді өткізу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы